2019 жылғы 6 сәуірде «Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ж.М. Тобылғанов «Ақтөбе — таза қала» акциясын іске қосты. Акцияның мақсаты — қаланы қоқыстан тазарту, қалдықтарды дұрыс өңдеу және заманауи қоғам мен жас ұрпақ үшін жаңа экологиялық мәдениет құру болып табылады.
Аталған іс-шараға Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындарының студенттері және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамы, сондай-ақ өз қаласына немқұрайлы қарамайтын ақтөбеліктер қатысты.
Курс бастығының орынбасары
полиция майоры
Р.К. Рақышев