2018 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу құқығы пәні бойынша «Азаматтық іс жүргізудегі тараптар» тақырыбында күндізгі оқу факультетінің 1 Б курс 101 оқу тобына №3 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Сандуғаш СерікқызыСәрсенованыңқатысуымен дәріс сабағы өткізілді.
ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтыныңжалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі З.Нұрыш сабақтың кіріспесінде курсанттарға дәріс сабақтың тақырыбын, оның өткізілу жоспары мен мақсатын, қаралатын тақырыптың маңыздылығын, сонымен қатар шақырылған қызметкерді таныстырды.
Дәріс сабағының мақсаты– азаматтық іс жүргізудегі тараптар және олардың міндеттері. Іске бірлесіп қатысудың түсінігі мен түрлері. Тиісті және тиісті емес жауапкердің түсінігі. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру негіздері және салдары. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар, олардың түрлері.Азаматтық сот ісіне прокурордың қатысу негіздері мен нысандары.
Өзге тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық іс жүргізуге қатысудың негіздері мен мақсаты.
Сабақ өткізу барысында С.Сәрсенова азаматтық процестік кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға басты назар аударды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық соттарына 2018 жылы енгізілген «SMART – сот» жобасының ережесімен таныстырды. Аталған жоба бойынша азаматтық сот істері бойынша іске қатысушы тараптарға сот отырыстарына смарт ұялы телефоны қосымшасымен орнатылатын «TrueConf» жүктемесі арқылы бейнебайланыспен қатысуға мүмкіндік береді.
Дәріс сабағы барысында курсанттар сот органдарына азаматтардың талап арыз беру, электрондық сот кабинетінің жұмыс тәртібі, сонымен қатар, сот қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мәселелері бойынша сұрақтар қойды.
Тұтастай алғанда, тәжірибелік қызметкер С.Сәрсенованың қатыстырылуымен өткізілген сабақ өз мақсатына жетті.
Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының
аға оқытушысы
полиция подполковнигі
З.З.Нұрыш