2018 жылдың 7-8 желтоқсан күндері 9 желтоқсан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменттімен бірлесе отырып, ЖОО-ның қызметкерлері арасында «Парасыз болашаққа бірге» атты волейболдан жарыс өткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша: 1-орынды Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ құрама командасы, 2-орынды ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ құрама командасы және 3-орынды Кеңес одағының екі дүркін батыры Т.Бегилдинов атындағы ӘҚКӘИ құрама командасы иеленді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және кубоктармен марапатталды.
ӘжДШД кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
Ж.Қ.Қаирбаев