Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында арнайы бастапқы оқыту курсы тыңдаушыларымен өткен тәжірибелік шығу сабағы

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының практикалық қызметімен тікелей танысу, практикалық-бағдарлы оқыту деңгейін арттыру және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ӘҚжІІОӘҚ кафедрасының оқытушысы полиция майоры В.В.Хасанова “Кәсіби дайындық” пәні бойынша арнайы бастапқы оқыту курсының 5-взвод тыңдаушылары үшін тәжірибелік шығу сабағын өткізді.

Сабақ өткізу аясында тыңдаушылар Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында болды.

Сабақ барысында тыңдаушылар судья төрағалық етуімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер; денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру; алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болу; көлік құралын жүргізушінің мас күйінде басқаруы; жүргізушілердің көлік құралдарын бүлдіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша отырыстарға қатысты. Бұдан әрі тыңдаушылар үшін Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.К.Калмухамбетовпен кездесу ұйымдастырылды. Ол әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау ерекшеліктерін түсіндірді, халықтың құқықтық сауатын арттыру, оның ішінде дамыған сот жүйесінде белсенді ақпараттық технологияларды пайдалануды арттыру қажеттігі туралы атап өтті.

Аталған сабақ білім алушылар үшін танымдық сабақ болды,олар әкімшілік сот ісін жүргізудің маңызды сәттерін түсініп, теориялық материалдарды тәжірибеде қолдану тәртібімен көрнекі түрде таныса алды. Сонымен қатар, практикалық қызметкерлер тарапынан тыңдаушыларды оқытуда практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді, бұл оқу процесінің тиімділігін айтарлықтай арттырады.

ӘҚжІІОӘҚкафедрасының доценті

полиция полковнигі

Л.С. Маланьина

 
02 IMG_1269