ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ақтөбе қаласының 150 жылдығына және Жастар жылына арналған “Құқықтың өзекті мәселелері: жетістіктері мен перспективалары” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның пленарлық мәжілісін ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы АЗИ бастығының орынбасары, з.ғ. к., полиция полковнигі Галия Жаңабекқызы Сулейманова қатысушыларға шығармашылық және жаңа ғылыми табыстар тілей отырып ашты,
сондай-ақ осындай іс-шаралар ғылыми және білім беру қызметі аясында жоғары оқу орындары арасындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды қадам екенін атап өтті.
Онлайн-режимде Ресей ІІМ Қиыр Шығыс заң институты бастықтың халықаралық ынтымақтастық бойынша көмекшісі, полиция подполковнигі К. Н. Браженский құттықтау сөз сөйледі. Ресей ІІМ Уфа заң институтының әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі В. Б. Поезжалов, сондай-ақ Ресей ІІМ Ростов заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі А. Ю. Терехов сөз сөйледі.
Конференция жұмысына Ресей ІІМ Уфа заң институтының Конституциялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор В. К. Самигуллин (онлайн қосылу), Ресей ІІМ Уфа заң институтының әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі
В. Б. Поезжалов (онлайн қосылу), Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің заңтану кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты
А. К. Құрманова сонымен қатар Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Я. Бегельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институты командирінің (экипажының) көмекшісі, лейтенант Т. А. Калин, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі А. Н. Сүндетова институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, және жас ғалымдар мен мамандар.
Конференция жұмысы 5 бағыт бойынша өтті: 1 – секция – “әкімшілік құқық пен әкімшілік қызметтің өзекті мәселелері”, 2 – секция – “қылмыстық, қылмыстық атқару заңнамасы мен криминологияны жетілдіру перспективалары”, 3 – секция – “қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғырту және қылмыстарды ашу мен тергеудің тиімділігін арттыру жолдары”, 4 – секция – “құқық қорғау органдары қызметкерлерінің психологиялық, арнайы, дене дайындығы және заңгердің тілдік мәдениеті”, 5 – секция – “Мемлекеттік-құқықтық және азаматтық-құқықтық қызмет: жетістіктері мен перспективалары”.
Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ. к., полиция полковнигі Сүлейменова Ғалия Жаңабекқызы және ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы АЗИ жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің төрағасы қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Бахтияр Шамильевич Айметов конференцияның табысты және жемісті жұмысын атап өтіп, сәттілік тіледі. Іс-шара соңында конференцияға қатысушыларға сертификаттар берілді.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі
А.К. Каримбаева