Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында ” Құқықтың өзекті мәселелері: жетістіктері мен перспективалары ” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында әскери және дене шынықтыру кафедрасы ғылыми-зерттеу және редакциялық баспа жұмысы бөлімімен және жас ғалымдар мен мамандар кеңесімен бірлесіп шағын футболдан жолдастық кездесу өткізді. Матчтың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты насихаттау болып табылады.
Шағын футболдан жолдастық матчтың ашылуы Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ардагерлер кеңесі мүшесінің құттықтау сөзінен басталды Отставкадағы полиция подполковнигі Валерий Александрович Сюняков және институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Ғалия Жаңабекқызы Сулейманова барлық қатысушыларды құттықтап, табыс пен жеңіс тіледі.
Шағын футболдан турнирге 5 команда қатысты. Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2 командасы (“Қорған 1” және “Қорған 2” командалары), Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Я. Бегельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының 2 командасы (“Авиатор 1” және “Авиатор 2” командалары) және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары қатарынан “Батыс” командасы. Жарыс айналым жүйесі бойынша өтті. Ойын тартысты және нәтижелі өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша 1- орынды “Авиатор” командасы, 2- орынды “Қорған” командасы, 3 – орынды “Батыс”командасы иеленді. Номинациялар бойынша келесі қатысушылар марапатталды:” Үздік қақпашы ” — ҚР ІІМ М. Бөкенбаева атындағы АЗИ, полиция аға лейтенанты Таласпаев Нұрлан;” Үздік шабуылшы ” — ӘӘҚКИ қызметкері, капитан Изтлеуов Бауыржан;” Үздік ойыншы ” — ӘӘҚКИ қызметкері, аға лейтенант Нұртаев Радик.
Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сүлейменова Ғалия Жаңабекқызы және Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары полиция полковнигі Манапбаев Қайрат Мокушевич қатысушыларды медальдармен және грамоталармен марапаттады.
Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының
аға оқытушысы
полиция подполковнигі
Б. Ш. Айметов