ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Жол картасында белгіленген басты басымдықтарды, институт тыңдаушыларын тәжірибелік-бағдарлы оқытуға арналған үшінші бағытты орындау бойынша белгілі бір шаралар жүзеге асырылуда.
Мәселен, 2019 жылғы 11 маусымда ӘҚжІІОӘҚ кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Р.С.Избас және ӘҚжІІОӘҚ кафедрасының оқытушысы полиция майоры В.В. Хасанова «Кәсіптік даярлық» пәні бойынша бастауыш кәсіптік білім беру курсының 5 және 7- взводының тыңдаушылары үшін тәжірибелік сабақ өткізді.
Тәжірибелік сабақтың аясында тыңдаушылар базасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев аындағы Ақтөбе заң институтының әкімшілік құқық және әкімшілік қызметі кафедрасының филиалы орналасқан Ақтөбе қаласы Алматы аудандық 3- ҚПБ-да болды.
Сабақ барысында тыңдаушылар учаскелік полиция бекетінің жұмысын ұйымдастыру және учаскелік полиция инспекторларының қызметі туралы; УПИ жергілікті мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және діни бірлестіктермен құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі; аудандық инспекторлардың және олардың орынбасарларының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібі туралы мағлұматтар алды.
Сонымен қатар учаскелік инспектор полиция капитаны Д.Б.Құралбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына сәйкес жергілікті полиция инспекторы мен оның көмекшісінің қызметін регламенттейтін УПБ әкімшілік-процессуалдық құжаттарын көрнекілік ретінде көрсете отырып, тыңдаушылармен тәжірибе алмасты.
Бұдан басқа, учаскелік инспектор ІІО-да тіркелген әртүрлі топтармен жеке профилактикалық жұмыстарды жүргізу және тіркеу тәртібін түсіндіріп, әкімшілік қызметтегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы статистиканы ұсынды.
Соңында тыңдаушылар учаскелік полиция инспекторына сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.
ӘҚжІІОӘҚ кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
В.В. Хасанова