2019 жылғы 15 наурызда қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушылары полиция подполковнигі М. С. Құмақбаева мен полиция майоры А. Н. Левченкованың басшылығымен 2А курс 205 тобының (10 курсант) жеке құрамы Ақтөбе қаласы Астана ауданының полиция басқармасының № 2 қалалық полиция бөліміне көшпелі сабақ өткізді.
Полиция бөліміне бару кезінде курсанттар криминалдық, көші-қон, жергілікті полиция қызметінің жұмысымен, тергеумен, анықтаумен, кезекші бөліммен, бақылау-өткізу пунктімен танысты. Курсанттарға қаруды беру бөлмесіне барып, оларға ІІО қызметкерлеріне табельдік қаруды беру тәртібі мен ережелері түсіндірілді. Әкімшілік қамауға алынғандарға арналған бөлмеде болып,онда осы санаттағы адамдардың жағдайларың айқын көрді.
Курсанттар жедел-криминалистикалық бөлімнің жұмысымен танысып, онда жедел-криминалистикалық бөлімнің қызметкерлерімен заттай дәлелдемелермен жұмыс, дакто және бейне есепке қою тәртібі, қылмыскердің фотороботын жасау тәртібі және дәлелдеу базасын бекіту үшін маңызды практикалық мәні бар басқа да іс-шаралар көрсетіліп, олардың ерекше қызығушылықтарын туғызды.
Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты — курсанттарды кәсіби дайындау болатын. Шара өз мақсатына жетті.
ҚҚжК кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А.Левченкова