Жалпы білім беру пәндер кафедрасының апталығы аясында 2019 жылдың 24 мамырында институт аудиториясында 1А курс курсанттарына арналған “Ақтөбе – құтты мекен” атты іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараны ұйымдастырып өткізген аға оқытушы, ә.ғ.к., полиция майоры А.Ж. Жарасхан Ақтөбе қаласы жөнінде презентация ұсынып баяндама оқыды.
Іс шараның мақсаты — курсанттарды Ақтөбе қаласының өткені мен бүгінгі күнімен таныстыру, сонымен қатар патриоттық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, өз еліне деген мақтанышын тәрбиелеу.
Шара барысында А.Ковалева мен Д.Тургамбай секілді институт курсанттарымен өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.
Көрермендер осы шараға қатысқан курсанттардың шығармашылығы мен шеберлігіне жоғары баға беріп қана қоймай, ұйымдастырған іс-шараның қызықты да танымды болғанын ерекше атап өтті.
ЖББП кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
А.Жарасхан