2019 жылғы 14 наурызда Елбасы атап өткен Жастар жылы аясында және Ақтөбе қаласының 150 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында институт бастығы полиция полковнигі А.М.Сайтбеков пен Ақтөбе қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Жандос Махмудұлы Тобылғановтың арасында кездесу өтті. Кездесу соңында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы арасындағы білім беру және ғылыми қызмет саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға ресми түрде қол қойылды.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ж.М Тобылғанов институттың 10 үздік жас маманына және 10 үздік курсантына алғысхаттар табыстады.
Курс бастығының орынбасары
полиция мойоры
Р.К.Ракишев