2017 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының акт залында 2 курстың курс басшыларымен және оқытушы-кураторларымен бірге «Ақтөбе – құтты мекен» атты іс-шара өткізілді.
Ұядай мекенге деген махаббат пен патриоттық сезім үлкен мемлекетке деген махаббатқа бастайды. «Отанды сүю – отбасыдан бастау алады» деген осыдан қалса керек.
Іс-шара барысында барлығы дерлік елдің ертеңі мен бүгініне арналған бағдарламалар мен жоспарлар көрсетілді. Оның ішінде Елбасының халыққа жолдауын баса айтқан жөн. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының географиялық жағдайы, тарихы, шекаралық бөліністері, ғылым мен білім, спорт пен мәдениет салаларына шағын сипаттама берілді. Туған қаламыз бен мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне ықпал еткен танымал тұлғалар жайлы да сөз етілді.
Іс-шара «Ақтөбе. Кеше және бүгін» деп аталатын бейне түсіріліммен Ақтөбе облысы туралы деректі фильмді тамашалаумен аяқталды.
жалпы құқықтық пәндер
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А.С. Абилова