Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ақтөбе – құтты мекен» тақырыбында өткен викторина

2019 жылдың 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы білім беру пәндері кафедрасы «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне арналған іс-шаралар аясында 2 «А», 2«Б» және 3«А» курсы курсанттары арасында «Ақтөбе – құтты мекен» атты викторина өткізді.

Қатысушылар заңтану, тарих, қазақ, орыс және ағылшын тілдері саласында өз білімдерін айқын көрсетті. Ойын барысы 7 кезеңнен тұрды: «Сәлемдесу», «Мамандықтар калейдоскобы», «Мені түсін», «Фотоконкурс», «Логиканы дамытайық», «Блиц – сұрақ», және «Үй тапсырмасы».

Қазылар алқасы курсанттардың өнері мен білімдерін бағалады. Курсанттарға грамоталар мен тәтті сыйлықтар берілді.

Іс-шара соңында бастықтың кадр және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары міндетін уақытша атқарушы, полиция полковнигі Андрей Мендгалиевич Хайрулин курсанттарға тілдерге қызығушылық танытуға және өз елінің тарихы мен әдебиетіне көбірек қызығушылық танытуға тілек білдірді.

ЖББП кафедрасының доценті

полиция полковнигі

Ж.М.Есмамбетова