2017 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ұжымы мен басшылығы акт залында салтанатты жағдайда ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, PhD докторы полиция майоры Медиев Ринат Амангелдіұлын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында әрі қарай қызметін өткеру үшін шығарып салды.
Полиция майоры Р.А. Медиев ІІО-дағы өзінің кәсіби қызметін Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң колледжіне түсуден бастады. Ол өз кәсібі бойынша білім алуды Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының магистратурасында жалғастырып, кейін Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының доктарантурасында докторлық диссертациясын қорғап, PhD докторы дәрежесін алды. 2015 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына іссапарға жіберіліп, оқу орнының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессоры лауазымында қызмет атқарды.
Институт бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев, бастықтың оқу жұмысы жөіндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А.Дәулетияров, ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Г.Ж.Сулейманова, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Г.Игольников, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Қ.А.Бүркітбаев полиция майоры Р.А.Медиевке институт қабырғасындағы қызметі үшін алғыстарын білдіріп, алдағы қызметін өткеруде табыстарға жетуіне және биіктерден көріне беруіне тілек білдірді.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің инспекторы
полиция лейтенанты
Д.К. Каратикенова