Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақ жол, тыңдаушы!

2019 жылғы 14 тамызда  ҚР ІІМ  М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында жаңа форматта дайындықтан өткен арнайы бастапқы оқыту курсы тыңдаушыларының алғашқы шығарылымы өтті.

Оқытудың басты міндеті қазіргі заман талаптарына жауап беретін жеке және кәсіби қасиеттерді дамыту, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халық сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

3 ай ішінде 106 тыңдаушы патрульдік полиция, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар ісі бойынша учаскелік полиция инспекторлары, мамандандырылған күзет қызметі, әкімшілік полиция категориялары бойынша арнайы бастапқы дайындық курстарынан өтті. Курстан өту үшін тыңдаушылар Нұр – Сұлтан, Алматы қалаларының, Алматы, Қостанай, Павладар және т.б. облыстардың  полиция департаменттерінен жіберілді. Оларды заңнаманы қолдану, практикалық психология, конфликтология, әлеуметтік коммуникация саласындағы жетекші қазақстандық тәжірибелі мамандар  мен сарапшылар оқытты. 3 ай бойы тыңдаушылар халық және БАҚ-пен тиімді жұмыс істеу негіздерін, командада өзара іс-қимыл жасауды үйреніп, дағдарыстық басқару және форс-мажорлық жағдайларда күйзеліске төзімділік дағдыларын меңгеріп алды.

Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы полиция полковнигі А.М. Сайтбеков, Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі А.Г.Арыстанов құттықтау сөз сөйлеп, болашақ полицейлерге ақ жол тіледі.

 
30DSC_0315