Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Балаларға арналған Жаңа жыл мерекесі

Жаңа Жыл – сыйқырлы мереке. Осы мереке қарсаңында институт қызметкерлерінің балаларына жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында институттың Офицерлер жиналысы қоғамдық құрылымы мен тәрбие жұмысы бөлімі 27-28 желтоқсан күндері Ақтөбе облыстық Шығармашылық үйінде жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырды.
Мерекелік бағдарлама екі бөлімнен құралды. Бірінші бөлімде облыстық Шығармашылық үйінің сахнасында «Үсеннің басынан өткізген оқиғалары» атты қойылым қойылды. Қойылым кезінде ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлері қатысып, бүлдіршіндерге керемет әсер сыйлады. Шараның екінші бөлімі екінші қабатта орналасқан залда, шыршаның қасында жалғасты. Сценарий бойынша Аяз Ата мен Ақша қыз келіп, шыршаны жақты. Тамаша көңіл күйге бөленген балалар шыршаны айналып ән айтып, би билеп, Аяз Атадан сыйлықтар алды.
Іс- шара соңында барлық балалар, ата-аналар естелік фотоға түсті.

ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева