Жаңа жылда барлық бала Аяз Атадан сыйлық күтетіні анық. Осы орайда облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың қолдауымен өткізілген «Балаларға бақыт сыйла» атты акциясына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтыда белсене қатысты.
2018 жылғы 31 қаңтарда Ақтөбе қаласының тұрғыны Бақыт Шаяхметұлы Мүбаракті Аяз Ата мен Ақшақар Жаңа жылымен құттықтап барды. Аяз Ата – 2 А курсының курсанты полиция кіші сержанты Ж.Жылқыайдар, Ақшақар – тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция капитаны Г.Ибыжанова болды.
Балақайға Аяз Ата мен Ақшақар сыйлық сыйлап, ізгі тілектерін білдірді.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева