Қазақстан Республикасының
Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол
картасын іске асыру шеңберінде, полиция бөлімшелерінің ІІМ жоғары оқу орындарымен оқу үрдісінің
тәжірибелік-бағдарлануы мәселелері бойынша өзара іс-қимылын күшейту
мақсатында 2019 жылғы 7 маусымда әскери
және дене шынықтыру кафедрасының бастығы полиция полковнигі С.М. Мусин
қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының өкілі полиция майоры
А.С. Тайшыбаевамен, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының өкілі,
полиция полковнигі И. Н. Аяпбергеновпен, әкімшілік құқық және әкімшілік қызметі
кафедрасы бойынша полиция майоры В.В. Хасановамен бірлесіп тәжірибелік сабақ
ұйымдастырды.
Шындығында, алынған теориялық білімді бекіту және автокөлік объектілерінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша практикалық дағдылар мен іскерліктерді меңгеру үшін тыңдаушылармен күдіктіні ұстау және тексеру тактикасының іс-әрекеттері пысықталды. «Көлік объектілерінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу» пәні шеңберінде көлік құралдары объектілерінде жасалатын құқық бұзушылықтар қарастырылды.
Тыңдаушыларға «құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу аясында көлік құралын тоқтату туралы жағдай жасалынды. Одан әрі тыңдаушылар жол полициясының қызметкерлері, жүргізуші және жолаушылар болып топтарға бөлінді. Сабақ өткізу кезінде тыңдаушылар көлік құралы тоқтаған кезде патрульдік полиция қызметкерлерінің іс-әрекетінің тәртібі мен реттілігін, нормативтік құқықтық актілерге және мас күйінде көлік құралын басқаруын анықтаған кезде полиция қызметкерінің іс-әрекетіне сілтеме жасай отырып, КК тоқтату себептерін түсіндіруді пысықтады. Көлік құралын мас күйінде жүргізу және мас болу дәрежесін анықтау үшін КО жүргізушісін медициналық куәландырудан өткізудің іс жүргізу тәртібі, сондай-ақ билік өкілінің заңды талаптарына бағынбаған, соның ішінде полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері пысықталды, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу құжаттарын толтыру тәртібі қаралды.
Сабақ аясында арнайы құралдар мен дене күшін қолдану кезінде полиция қызметкерлерінің іс-әрекетінің заңсыздығын бағалай отырып, тыңдаушыларға бейнеролик көрсетілді.
Қылмыстық құқық тұрғысынан түсініктеме берілді. Құқық бұзушыларды ұстау кезінде полиция қызметкерлерінің қандай іс-әрекеттері қажетті шектерден асып кетеді және ҚР Қылмыстық кодексінің 113-бабы — «қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру», 112-бабы — «қажетті қорғаныс шегінен асқан кезде денсаулыққа ауыр зиян келтіру», 106-бабы — «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру», 107-бабы — «Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру», 361-бабы — «Қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану», 362-бап — «билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» баптары талқыланды.
Қылмыстық процесс және криминалистика пәні шеңберінде тыңдаушылармен ұсынылған бейнеролик бойынша іс жүргізу әрекеттері: оқиға болған жерді қарау, оқиға болған жерден заттай дәлелдемелерді алу, заттай дәлелдемелерді қарау, бейне фиксацияны алу (бейне-бақылау камерасы), куәлардан, жәбірленушіден жауап алу, сот-медициналық сараптама тағайындау, автотехникалық сараптама тағайындау және тергеу және одан әрі іс жүргізу іс-қимылдарының жоспары әзірленді.
Оқу-тәжірибелік сабақтың қорытындысы бойынша тыңдаушылардың тәжірибелік іс-әрекеттерді пысықтау кезінде жіберген қателері көрсетілді, ұсыныстар мен өзара пікірлер айтылды.
Қорытынды бойынша сабақты өткізу мақсаты – тәжірибені пысықтау және бекіту болды деген қорытынды жасауға болады.
Әскери және дене шынықтыру
дайындығы кафедрасының бастығы
полиция полковнигі
С. М. Мусин