Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Бастапқы тергеу әрекеттері және оқиға болған жерді тексеру» тақырыбына байланысты тәжірибелік сабақ өткізу туралы

2019 жылдың 04 сәуір күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы және Жастар жылымен Ақтөбе қаласының 150 жылдығы шеңберінде ұйымдастарылған «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының, Ресей Федерациясы ІІМ Омск академиясының, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, Т.Бегельдинов атындағы әуе қорғаныс әскери институтының курсанттары мен студенттеріне «Бастапқы тергеу әрекеттері және оқиға болған жерді тексеру» тақырыбына байланысты: «Үй», «Дүкен», «Вагон» оқу-жаттығу полигонында тәжірибелік сабақ өткізді. Курсанттар мен студенттердің қатысумен төмендегідей тәжірибелік тапсырмалар мен сұрақтар қарастырылды:

  1. Бастапқы сотқа дейінгі тергеу, тергеудің пішіні. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі. Электрондық қылмыстық істі жүргізу. (Өткізілген орны: Кримтехлаборатория)
  2. Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, яғни «Оқиға болған жерді қарау» және «Фоторобот бағдарламасының көмегімен қылмыскердің субъективтік портретін құру» оқыту бағдарламасы арқылы қылмыстың ізін суытпай ашу және зерттеу. (Өткізілген орны: ақпараттық технологиялар класы)
  3. Фототүсірілімнің көмегімен оқиға болған жерді тексеру нәтижесі және жүргізілу тәртібі. Өлік табылған жерді сыртқы тексеру. Басқа да тергеп-тексерудің түрлері, айғақтарды тексеру. (Өткізілген орны: «Вагон» оқу-жаттығу полигоны)
  4. Іздерді алу және анықтау ережелері: а) саусақ іздері; ә) аяқтың іздері; б) көлік құралдарының іздері; в) қиратқыш және бұзғыш құралдардың іздері. Кілттерді және пломбларды криминалистикалық зерттеу. (Өткізілген орны: «Үй», «Дүкен» оқу-жаттығу полигоны)

Курсанттар мен студенттер тәжірибелік сабақтың аясында криминалист, тергеуші, анықтаушы мамандықтарымен танысты, сонымен қатар криминалистикалық техникалармен, оның ішінде: Фоторобот бағдарламасының көмегімен қылмыскердің субъективтік портретін құрумен, трасологиялық зерттеулермен, дактилоскопия, оқиға болған жерді тексеру, өлікті тексеру және басқа да тергеу әрекеттерімен танысты.

Қылмыстық процесс

және криминалистика

кафедрасының бастығы

полиция подполковнигі                                             

Н.Т. Саханова

 
11290149