2017 жылғы 29-30 қарашада Астана қаласында Қазақстандағы БҰҰ-ның есірткі және қылмысқа қарсы күрес басқармасының бағдарламалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Бас бостандығынан айырудың баламалары: Қылмыстық әділ сот жүйесінде есірткі қолдану арқылы санасы бұзылған тұлғаларды емдеу және күтім жасау саласындағы саясат пен тәжірибе» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған конференцияда Қазақстандағы БҰҰ ЕҚБ бағдарламалық кеңсесінің басшысы Синге Ротберга ханым модератор болды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі бастығы Қайрат Жақынбаев, БҰҰ тұрақты үйлестірушісі, Қазақстандағы БҰҰ дамыту бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура, «Орталық Азияда есірткі таратудың алдын алу бағдарламасы» жобасының басшысы Эрнест Робелла құттықтау сөздерімен ашты.
Конференция жұмысына АҚШ аймақтық сот судьясы Кристин Карпентер, Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі басқармасының бастығы Нұрлыбек Абдраимов, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан секілді таяу шетел мемлекеттерінің және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, Еуропалық одақ жобасы басшысының орынбасары Бен Зенгеринк, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ІІО-да әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру кафедрасының бастығы Нұрлан Түлкінбаев және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы Ерлан Балымов өз баяндамаларын ұсынды.
Халықаралық конференция барысында Қылмыстық әділ сот жүйесінде есірткі қолдану арқылы санасы бұзылған тұлғаларға қатысты пробациялық заңнаманы жетілдіру, бас бостандығынан айырудың баламалары саласындағы саясат пен тәжірибе мәселелері талқыланды.
Конференция қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен таяу шетелдеріндегі заңнамаларды жетілдіруге нақты ұсыныстар берілді.
Халықаралық конференцияны ұйымдастырушы Қазақстандағы БҰҰ ЕҚБ бағдарламалық кеңсесінің басшысы Синге Ротберга барлық қатысушылардың баяндамаларындағы келтірілген тәжірибелік мысалдар мен теорияны тәжірибемен салыстыра отырап жасалған сараптамаларға жоғары баға беріп, жұмысқа белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.
ҚПжК кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
Е.К.Балымов