Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Бақыт деген — сенің бала күндерің

«Бақыт деген — сенің бала күндерің» деп Мұқағали Мақатаев ақын айтқандай, жарық дүние есігін ашқан әр сәбидің балалық шағы қамсыз, мұңсыз, қызықпен өтетін бақытты кезең болуы тиіс. Әсіресе, тағдырдың жазуымен балалық шақта ана махаббатынан ерте айырылған бала қолдау мен түсінуді қажет етеді. Жетім балаларға көмек көрсету мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыты болып табылады.

Осы орайда, 2019 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 3 «А» курсының курсанттары курс бастығының орынбасары полиция капитаны С.П. Оразғалиевтің ұйымдастыруымен «Үміт» сәбилер үйіне барып, игілікті жұмыстар атқарды. Олар сәбилер үйі мекемесінің аумағын тазартумен қатар, бөбектерді керекті заттармен қамтамасыз етіп, сәбилерді қуанышқа бөледі. Өткізілген бұл іс-шараның басты мақсаты ата-анасының қарауынсыз қалған сәбилердің мүдделерін қорғау және оларға қамқорлық жасау болып табылады.

Курс бастығының орынбасары

полиция капитаны

С.П. Оразғалиев

 
Tcewan_SPR8