Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Биік сенің мәртебең, ана тілім» және «Туған өлкем — Ақтөбе» атты поэзия кеші

2019 жылы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімі және институттың жалпы кітапханасының ұйымдастыруымен «Биік сенің мәртебең, ана тілім» және «Туған өлкем —Ақтөбе» атты поэзия кеші өтті. Іс-шара институттың «Болашаққа қазақ тілімен» жоспарына сәйкес өткізілді. Әдеби кешке қатысқан 1 «А», 1 «Б» және 2 «А» курстарының курсанттары өздерінің ақындық және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Музыкалық үзіліс кезінде көрермендер «Дарын» мектебінің оқушысы Әсем Әбілқаирдың орындауындағы «Өсиет» әнін тамашалады. Сонымен қатар, жалпы кітапхана қызметкерлері Ақтөбе өңірінен  шыққан көрнекті адамдар туралы кітаптар көрмесіне шолу жасады. Аталған іс-шараға институт бастығының орынбасары полиция полковнигі Қайрат Мұқышұлы Манапбаев және мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Жанат Бердалықызы Нұрмұхамбетова шақырылды. Жалпы іс-шара алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізді. Поэзия кешінің соңында барлық курсанттар белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

ҒЗжРБЖҰБ инспекторы

А.Н. Сулейменова

 
02212018 КНО 2016-18