2018 жылғы 22 мамырда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институтының акт залындаЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына сәйкес, 1А және 1Б курстарына жиын өтті. Осы жиынды ұйымдастырушылар жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары болып табылады.
Жиынды ұйымдастырудағы басты мақсат – курсанттардың Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы арқылы еліне деген патриоттық сезімдерін ояту.
Жиын уақытында жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.А.Абишев пен полиция майоры А.С.Абилова өз баяндамасын мәлімдеді. Бұл баяндамада мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың маңызды қадамдарын, Қазақстанның отыз дамыған елдер қатарына қосылудың, қазақ алфавитін латынға көшірумен келешек ұрпақты патриоттық тәлімге тәрбиелеудің негізін айқындап көрсетті.
ЖҚП кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А.С.Абилова