Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Болашақ кадеттер арасындағы сайыс

2019 жылғы 16 ақпанда Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы қарсыңында және Елбасы жариялаған Жастар жылы аясында Фариза Оңғарсынова атындағы № 41 мектеп-гимназиясының 5 класс оқушылары арасында кадет класына іріктеу және түсу үшін спорттық эстафета өткізілді. Сайыс шаңғымен жүгіру, арқан тартыс, допты хоккей және кедергілер алабынан секіргішпен өту секілді спорт түрлерінен өтті. Жарысқа 3 команда қатысты. Олар төмендегідей орындарды иеленді: 5 «ә» класының «Барыс» командасы 1-орын, 5 «а» және «в» кластарының «Жеңіс» командасы 2-орын және 5 «б» класының «Тұлпар» командасы 3 орын.
Аталған іс-шара кадет класын ашуға жасалған меморандумның аясындаөскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтып, патриоттық тәрбиесіне, заңдылықты сақтауға және болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауларына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды.
Сайыстың соңында барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды.

Курс бастығының орынбасары
полиция майоры                                                    
Р.К.Ракишев

 
03