2018 жылғы 18-20 мамыр аралығында Ақтөбе қаласының “Қоныс” спорт сарайында Қазақстан Чемпионаты бойынша әмбебап күресінің жарысы өткізілді. Бұл жарысқа Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 «А» курсының 104 – топ курсанты Агильманова Лилия қатысты.
Жарысқа Республикамыздың 8 облыстан өкілдер келіп қатысты. Бұл азиялық және дүниежүзілік жарысқа таңдау науқаны болды. Біздің Агильманова Лилия әйелдер арасында 70кг салмақ санатымен 1 – орынды иеленді. Лилияның қарсыласы Ақтөбе қаласының бокстан спорт шебері болды. Жарыс 3 раундта өткізілді. Әмбебап күресі өздігінше: кедергілерді еңсеру, пышақты тастау, тапаншадан оқ ату, қол күресу ережелеріне сәйкес сақинадағы күрес тәсілдерін көрсетеді.
Қазіргі уақытта Агильманова Лилия таэквандо бойынша 1 – разряд пен жекпе-жек күресі бойынша спорт шебері деген атаққа ие.
Курсантымызға тек алдағы жарыстарда жеңіс пен жетістік, қажымас мол денсаулық тілейміз.
1 «А» курс бастығының орынбасары
полиция капитаны
Оразғалиев С.П