Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біздің чемпион

2019 жылғы 5-7 қазан аралығында Ақтау қаласының «Маңғыстау арена» стадионында қоян-қолтық күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа қатысушылар Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналды. Ақтөбе облысынан 14 адам  қатысты, олардың арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының       3-курс курсанты полиция кіші сержанты Агильманова Лилия Кайратқызы болды. Жарыстың басты мақсаты жақында болатын Европа чемпионатына іріктеу болып табылады.

70 кг салмақта  өзінің  шеберлігі мен төзімділігін көрсетіп, Алматы және Жамбыл облыстарының  спортшыларын жеңіп, Лилия Қазақстан чемпионы атағына ие болды.

Біз Лилияға алдағы Европа чемпионатында  сәттілік , жеңіс тілейміз!

3А курс бастығының орынбасары

полиция капитаны                                                                

С.П.Оразғалиев

 
09