2017 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы білім беру пәндері кафедрасы «ІІО қызметкерлерімен психологиялық білімді қолдану сұрақтары» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты: профайлингтің психологиялық технологиясы туралы тыңдаушылардың білімін тереңдетіп кеңейту, ІІО қызметкерлерінің қызметінде профайлингті қолдану дағдысы мен арнайы біліктілігін дамыту.
Семинардың алғашқы бөлігінде тыңдаушылармен бірге терроризм және экстремизммен күрестің психологиялық аспектілерін ұйымдастыру, профайлингтің психологиялық технологияларының туындау тарихы, мақсат-міндеттері, объектілері мен субъектілері, жүзеге асыру кезеңдері мен әдістері туралы әңгіме өрбіді.
Кейін тыңдаушыларға ІІО қызметкерлерінің күнделікті қызметінде профайлингтің психологиялық технологияларын тиімді пайдалануға рұқсат ететін кәсіби маңызды психологиялық сапаларды анықтауға білімін жетілдіру, ойын дамытуға бағытталған тренинг ұсынылды.
Семинар соңында тыңдаушыларға ойын кәсіби дамыту, байқампаздық пен зейінділік жөнінде ұсыныстар берілді.
ЖББ кафедрасының
бастығы полиция полковнигі
А.Ф.Саттарова