2019 жылғы 5-7 қараша аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында білім беру ұйымдарына бекітілген учаскелік полиция инспекторлары категориясы бойынша “Гендерлік зорлық-зомбылық саласындағы сот төрелігіне қол жеткізуді күшейту — гендерлік зорлық-зомбылық фактілері бойынша жұмыс кезінде полиция күштерін тиімді қабылдау, әлеуетін арттыру және жұмылдыру” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингті Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының бастығы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі Нұрлан Аққалашұлы Тулкинбаев (ҚР, Қостанай қ.), Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы полиция майоры Ерлан Қуанышұлы Балымов және БҰҰ ДБ жобалау ассистенті Архат Канатбаев (ҚР, Нұр-Сұлтан қ.) өткізді.
Барлық іс-шараға қатысушылардың жемісті жұмысы топтық келісімді әзірлеуге ықпал етті.
Семинар-тренингте қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырған жыныстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалармен анықтау жүргізу туралы тренердің әңгімесі болды, оның барысында топтық сабақ өткізілді және полиция бөлімінің зорлық-зомбылықтың алдын-алу және ескерту бойынша ұсынылған жұмыс жоспары егжей-тегжейлі талқыланды.
Жаттықтырушылармен жұмысты жалғастыру үшін тренинг “Жыныстық және тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетудегі қоғамдық ұйымдардың рөлі” тақырыбында өрбіді.
Негізінен жұмыс топтарында гендерлік зорлық-зомбылық фактілері бойынша жұмыс кезінде полиция күштерін жұмылдыру, әлеуетін арттыру және барынша тиімді қабылдау бойынша қажетті ұсынымдарды әзірлеуге ықпал етті.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде қатысушылар алған білімдерін бағалау мақсатында сауалнама толтырылып, сертификаттар табыс етілді.
Кәсіптік және қосымша білім факультеті