2019 жылғы 01 наурызда халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы және дәрістер мен білім және ғылым саласындағы тәжірибе алмасу аясында Орынбор мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы және конституциялық құқық кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Елена Ивановна Максименкоменбіліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына «Заң даярлығы» пәнінен «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы халықаралық міндеттемелер» тақырыбында дәріс сабақ өткізіліп, онда келесідей 3 сұрақ қарастырылды:
1)Халықаралық қатынастар тарихындағы адам құқығы;
2) Адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық институттар;
3) Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері.
Дәріс материалдары электрондық слайдтар түрінде мультимедиалық сүйемелдеумен жүргізілді, онда қарастырылған мәселелер сызбалар, диаграммалар және графиктер түрінде анық көрсетілді, бұл тыңдаушыларға жаңадан зерттелген материалды түсінуге мүмкіндік берді. Дәріс сабағында қолданылған отандық және шетел әдебиеті, ұсыныстары тыңдаушыларға кәсіби және қосымша білім беру факультетінің біліктілігін арттыру курстарының материалын меңгеру үшін үлкен маңызға ие болды.
ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі З.Нұрыш