Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Білім алушыларды ЖОО-ның даму перспективаларымен таныстыру

2019 жылғы 2 қыркүйекте Ғылыми кеңес отырысында бекітілген, 2019-2021 жылдарға арналған ЖОО даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары бойынша институттың күндізгі оқыту факультетінің курсанттарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Институт Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы, полиция подполковнигі Л. А. Жұбандықова өз сөзінде 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша, Жол картасын жүзеге асыру аясында осы стратегиялық құжаттың маңыздылығын атап өтіп, институттың білім беру қызметін перспективті дамытудың негізгі міндеттерін атап өтті:

– Бакалавриатқа қабылдаудан бас тарта отырып, бастапқы кәсіптік оқуға кезең-кезеңмен көшу;

-Практикалық сабақтардың көлемін 70% – ға дейін арттыру, сондай-ақ оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін (дуальді, модульдік, бинарлы) енгізіп, практикалық әдістемеге көшу;

-Институт профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетін нығайтып, 2021 жылдың соңына қарай дәрежеленген және оларға теңестірілген қызметкерлердің санын 63 %-ға дейін арттыру;

– “Аймақ-республика-шетел” бағдарламасы шеңберінде профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру;

– Батыс өңірінің ЖОО базасында оқу орталықтарын және Полиция департаменттерінде шығарушы кафедра филиалдарын құру (ынтымақтастық туралы жасалған меморандумдар негізінде);

– Жоғары оқу орнының ақпараттық кеңістігін басқарудың бірыңғай жүйесін құру, сондай-ақ ІІМ мен Бас прокуратураның ақпараттық жүйелеріне қосу жолымен институттың білім беру қызметін цифрландыру;

– Институтты инновациялық құралдармен жабдықтандыра отыра,”Қауіпсіз қала” оқу-ахуалдық орталығын құрып, институттың материалдық-техникалық базасын нығайту;

– Жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының тиімділігін мониторингілеу мақсатында, институт түлектерімен кері байланысты нығайту;

– Қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу;

– Жоғары оқу орнынан кейінгі оқытуды дамыту (магистратура).

 
SAMSUNG CSC IMG-20180929-WA0000