Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ

Қазақстан Республикасы ІІМ

М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институтының

Оқу-әдістемелік орталығының

бастығы

полиция подполковнигі

Р.Ө.Молдашев

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 ақпандағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Қазақстан халқына жолдауының басында: «Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді» деп айтып өткен болатын.

Осы Президенттің жолдауын жүзеге асыру мақсатының ең қайнар көзі ол «БІЛІМ» екені сөзсіз.

Қазіргі замандағы жақсы маманды даярлаудағы еліміздің басты ұстанымы ол: Қазақстан Республикасына шын берілген, адал, патриот азамат даярлау. Олар мемлекеттік белгілердің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін, халықтар достығының негізінде тәрбиеленген, халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген, Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы. Осы ұстанымды алға тарта отырып Еліміздегі білім беру жүйесі бойынша Президент өз жолдауында төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту екенін көрсетті.

Жолдауда – «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлін өзгертуге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, ІТ-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек….» деп көрсетті. Осы ұсыныстан бөлек «Біз жоғар оқу орындары, Назарбаев Университеті және «Алатау» инновациялық технологиялар паркі базасында өзіміздің ғылыми және инновациялық әлеуметімізді дамытуымыздың» қажеттігін айтып өтті. Бұл дегеніңіз жалпы еліміздегі жоғары оқу орындарының ел экономикасын дамытудың басты звеносы екендігін көрсетеді. Жоғары білім беру жүйесінде түбегейлі бетбұрыс арқылы білім және ғылым екі егіз ұғымды қоса дамыту арқылы, қол жетпес шыңдарды бағындырарымыз айдан анық болып отыр.

Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – сапалы білім беріп, ғылымды дамыту. Осы орайда білім ордасы – біздің қызмет жасап отырған оқу орыны, ал оқу орынының жүрегі-педагогтар екендігі белгілі. Бүгінгі білім-ХХІ ғасырдың берік тұтқасы, өйткені жаңа ғасыр – бәсеке ғасыры, білімділер мен біліктілер ғасыры, ұрпағымыздың әлемдік білімнің асқар шыңына шырқай алар шағы.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдама жобасында «іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек рыногы мен технологиялардың байланысып тұратын талаптарына бейімделген, команда болып жұмыс істей алатын жаңа тұрпатты маман даярлау» қажеттілігі баса айтылған.

Бүгінгі таңда оқытудың жаңа технологияларын жасап, оқу орындардың практикасына енгізуді іске асыру. Осыған орай, әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың жаңашыл жолы шығармашылық топтардың жұмысына үлкен көңіл бөлу арқылы, оқытудың жаңа түрлерімен жақын танысып, тиімді әдіс- тәсілдерін күнделікті сабақтарында пайдалынып, әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында тәжірибелік, панорамалық сабақ түрлерін көрсетіп және олар оқу орындардың кеңестері арқылы талқыланып болашақта оқу – тәрбие процесіне пайдалануларына жолдама алуы қажет.

Үздіксіз өзгеріп тұрған заман, адамнан сол заман талабына сай білім алып, жаңа әдістерді меңгеруді талап етеді. Осыған орай, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды жүйелі пайдаланудың маңызы зор. Оқу-тәрбие үрдісін жаңалықтармен қамтамасыз ету барысында ғана, біз саналы да, білімді азамат тәрбиелей аламыз.