2018 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының қызметкерлері М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының студенттерімен кездесті. Кездесу Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында өтті. Аталмыш іс-шара екі оқу орны арасындағы өзара қызметтестік келісімінің шеңберінде өткізілді.
ҚПжК кафедрасы бастығы полиция полковнигі А.Г.Игольников «Адам капиталы – жаһандану негізі» атты Жолдаудың жетінші бағытын түсіндіру бойынша бейнеролик көрсетіп, оқытушылардың біліктілігін арттыру, жастарды ғылыми-зерттеу және өнеркәсіптік-техникалық ортаға баулу туралы айтты. Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар екендігін айтты.
Кафедра бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.С.Есмағанбетов «Барлығы үшін тегін кәсіби-техникалық білім» атты жобаны түсіндірді. Мектеп, колледж және жоғары оқу орындары оқытушыларының үздік бейнероликтерін, бейнесабақтарын және бейнедәрістерін жариялау туралы айтты.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау, мемлекеттік әлеуметтік саясат, ауруды алдын алу, салауатты өмір сүруді насихаттау тақырыптары қозғалды.
Студенттер Қазақстан Республикасы және оның халқының игілігі үшін жасалып жатқан бағыттарды, жаңашылдықтарды қолдады және Елбасы аппараты алға қойылған барлық жоспарларды тиісті мерзімде орындайтындығына, іске асыратындығына кәміл сенеміз.
Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
А.Ж.Қиюбек