Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Процесс прокурорының білім жетілдіру процесіне инновациялық технологияны енгізу

2018 жылдың 15 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы ІІМ               М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ақтөбе облысының Прокуратурасымен білім беру және ғылыми қызмет облысында өзара қатынас меморандумына байланысты «Зорлық-зомбылық ісі бойынша тергеу әрекеттерін өткізу әдістемесі» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өткізілді, оған Ақтөбе облысы прокуратурасы, құқық қорғау органдары академиясының өкілдері қатысты. Семинардың негізгі міндеті төмендегідей мәселелерді анықтады: қылмыстық іс бойынша іс жіргізуді басшылыққа  жаңа үлгіде оқыту, қылмысты зерттеу мен ашудың әдістемесі мен пішіні, басқа да тергеу әрекеттерін өткізудің әдісі мен тактикасы.

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Н.А.Чупринюк институттың криминалистикалық техникалық зертханасында семинар-тренинг курсын өткізді, қатысушылар «Оқиға болған жерді қарау» виртуалды моделдеу бағдарламалық кешенінің мүмкіншілігімен танысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 01 наурыздағы №205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдар аралығында білім және ғылымды дамыту Мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі ретінде заманауи білім беру саласында инновациялық технологияны оқытуды енгізу құралдары және жаңа тәжірибелік білім беру бағдарламасын өңдеу, зертханаларды заманауи құралдармен қамтамасыз ету болып табылады. Семинарға қатысушылар дербес компьютерде отырып, «Оқиға болған жерді қарау» бағдарламасымен танысуға мүмкіншілік берілді.

«Зорлық-зомбылық ісі бойынша тергеу әрекеттерін өткізу әдістемесі» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақты өткізуді шындыққа жанастыру үшін институттың оқу-криминалистикалық полигонында оқиға болған жерді қарау тактикасы, қылмыстық іздерді алу және қорапқа салу, анықтау әдістемелерімен оларды қабылдау, сонымен қатар тексеру хаттамаларымен фотокестені көркемдеу тәсілдері көрсетілді. Жұмыстың соңында семинарға қатысушылар қылмыстық процесс және криминалистиканы негізге ала отырып,  процесс прокурорларына осындай тәжірибелік сабақтарды көптеп өткізу керек екендігі туралы тілектерін білдірді.

 

Қылмыстық процесс

және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі                                                  

Н.А. Чупринюк

 
IMG_4323