Желтоқсанайының 3-7 күндері аралығында кафедра оқытушыларымен Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындарының студенттері мен курсанттарар арасында волейболдан жарыс өткізілді. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай кафедра апталығы аясында ұйымдастырылды.
Осы іс-шараның басты төрешісі ретінде волейболдан спорт шеберіне үміткер М.М.Бекмурзин шақырылды.
Ұлдар арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленді:
1-орын – Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ студенттері.
2-орын– ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты курсанттары.
3-орын – С.Бәйішев атындағы АУ студенттері.
Сонымен қатар «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің 4-курс студенті Жарасхан Мейірхан, «Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша С.Бәйішев атындағы АУ 4-курс студенті Орынбасар Қайырбек, «Үздік либеро» номинациясы бойынша Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің 2-курс студенті Асылбеков Ринат марапатталды.
Қыздар арасындағы командалардың жүлделі орындары келесідей нәтижелер бойынша анықталды:
1-орын – Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ студенттері.
2-орын – С.Бәйішеватындағы АУ студенттері.
3-орын – М.Оспановатындағы БҚММУ-нің студенттері.
Сонымен қатар «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің 1 курс студенті Сорокина Кристина, «Үздік байланыстырушы» номинациясы бойыншаС.Бәйішев атындағы АУ 4 курс студенті Амангелдіқызы Анар, «Үздік либеро» номинациясы бойынша ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2 «А» курс курсанты Айғалқа Айгерім марапатталды.
Жарыс аяқталғаннан кейін институт бастығы, полиция полковнигі С.И.Қаракүшев., институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Г.Ж.Сулейманова жеңімпаздар мен номинанттарды грамоталармен және сыйлықтармен марапаттады.
ӘжДшДкафедрасының
міндетінатқарушы
полиция подполковнигі
С.М.Мусин