2019 жылғы 16 қаңдарда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Жол картасын жүзеге асыру аясында университет ректоры Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков пен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Айдар Мүтәлікұлы Сайтбековтің кездесуі өтті.
Кездесуге, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Ғалия Жанабекқызы Сулейманова, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы Ерлан Қуанышұлы Балымов, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің Ғылыми хатшысы Мира Рашидқызы Балтымова, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұржан Мақсатбайұлы Бердыбаев, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Ақылбек Қылышниязұлы Нурлин қатысты.
Екіжақты кездесу барысында университет ректоры, профессор Бауыржан Аманкелдіұлы қонақтарды жылы қарсы алып, университеттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы Айдар Мүтәлікұлы ЖОО арасындағы бірлескен жұмыстардың маңыздылығын айта келіп, өзара ынтымақтастыққа оң ниетін білдірді. Сонымен бірге, ол өз сөзінде тәжірибелік сабақтарда заманауи инновациялық технологияларды қалай пайдалану мен білім беру саласындағы қостараптық оқыту жүйесіне кеңірек тоқталды.
Кездесу соңында екі жоғары оқу орнының басшылары екіжақты шарт аясында тәжірибелік сабақтар өткізу және дуальдық оқыту бойынша бірлескен жұмыс жөніндегі келісімге қол қойды.
ӘҚжІІОӘҚ кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
Калипова С.