Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Екі полиция майорының жанұясында 3 бала тәрбиеленуде

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері Махановтар жанұясын көптен күткен қуанышы — Наргиз қыздарының дүниеге келуімен құттықтайды.

Әсел Маханова және оның жұбайы Арман Маханов, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері ғана емес, 3 баланың ата-анасы. Балақайлардың екеуі мектепте оқиды, жанұяның ең кіші мүшесі әлі 1 айға да толмады, ал ең үлкені — он екі жаста.

Балақайлардың барлығы өздерін жанұяда бақытты сезінеді, әрі ата-анасының мейірлі махаббатына бөленуде.  Жұбайлардың үй шаруасының барлығын өздері орындауға қолдары тимейтіндігі анық. Бірақ оған қиналудың керегі де жоқ, себебі олардың  2 әжесі бар, олар барлығын сөзсіз түсінеді.   Отбасының үлкен ұлы Диас кішкентай қарындасы Наргиз бен інісі Мирасқа қарауға көмектеседі.

Үлкен жанұяның анасы  ешқашан ештеңеге өкінген емес – барлығын жақсы көреді, балақайларының барлық қылықтарына түсінушілікпен қарайды, алайда, талап қою керек кезде талап коя біледі.

 Әсел Маханованың айтуы бойынша, қызмет пен жанұяны қатар ұстау оңай емес, алайда, оның балаларына деген махаббаты барлық қиындықтарды жеңуге көмектесуде.

2017 ж. 30.03. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Әйелдер кеңесі Махановтар жанұясын институттың барлық қызметкерлері атынан кішкентай қыздары Наргиздің дүниеге келуімен шын жүректен құттықтайды.

 
04 08