1 желтоқсан -Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. Тұңғыш Президент күніне орай Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы кітапханасы «Елбасы – ел тірегі, алтын діңгек»атты кітап көрмесін ұйымдастырды.Шараның мақсаты: жас ұрпақты Отанын, халқын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
2А курсы курсанттары Тұнғыш Президенттің балалық шағынан бастап бүгінгі күнге дейінгі өмірі, оның жазған еңбектері мен ел жетістіктері туралы кітаптармен танысты.
Жалпы кітапхана меңгерушісі
З.Н.Карасаева