Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Елімнің жүрегі – Астана»

2018 жылғы 05 шілдеде Қазақстан республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Астананың 20 жылдығына арналған «Елімнің жүрегі – Астана» атты салтанатты іс-шара өтті.

Шараға институт басшылығы, Ардагерлер кеңесінің мүшелері қызметкерлер мен курсанттар қатысты.

Шараның салтанатты бөліінде Ішкі істер министрінің, институт бастығының бұйрықтары оқылып, институт қызметкерлері мен курсанттары марапатталды, қызметкерлер мен курсанттарға кезекті арнаулы атақтары берілді.

Мерекелік бөлімінде Астана қаласы туралы баяндама оқылып, бейнероликтер көрсетілді. Институттың өнерпаз курсанттарымен қатар, Ақтөбе облыстық шығармашылық үйінің әншілері өнер көрсетті. Сонымен қатар, институтымыздың мақтанышы «Қорған» жайдарманшылар тобы өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік іс-шараға қатысушылардың көңіл-күйін көтерді.

ТЖБ инсекторы

полиция аға капитаны

З.А.Мухангалиева