Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу

2018 жылғы 22 ақпанда М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті базасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу бағытында дәріс оқыды.

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылары полиция полковнигі Б.С.Есмағанбетов пен полиция капитаны А.Ж.Қиюбек дәрігер-студенттердің қызығушылығын оятты. Дәріс барысында бейнефильм көрсетілді, адам ағзасына есірткінің зияны айтылды және есірткі заттарын сақтау, тарату және пайдалану үшін қандай қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкіндігін түсіндірді.

Дәріс кезінде студенттер түрлі сұрақтар қойып,  жауаптарын толық алды. Аталмыш іс-шара 2017 жылғы 8 қазандағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті ректоры Е.Ж.Бекмұхамбетовтың, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшевтің және Ақтөбе облыстық ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы, полиция полковнигі Б.А.Атабаевтың «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті студенттері арасында 2017-2018 оқу жылы бойынша құқықтық тәрбие жоспары» негізінде жүргізілді.

 

ҚПжК кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

Қиюбек А.Ж

 
05 IMG-20180527-WA0255