2018 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағыАқтөбе заң институтының жоспарына сәйкес полиция подполковнигі З.З.Нұрыш Ақтөбе қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебіне барып, 6-7 класс оқушыларына «Нөлдік төзімділік» және «Құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыптарында дәріс жүргізді.
Талқылау барысында оқушылар әртүрлі құқық бұзушылықтардың алдын-алу туралы, атапайтқанда, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерлерде болуы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың вандализмі және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438 бабы, 1-тармағы бойынша арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін жауаптылық туындайтындығы туралы ескертілді.
ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі
З.З. Нұрыш