Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жалпы құқықтық пәндер кафедрасымен өткізілген шебер-класс

2019 жылғы 18 сәуірде сағат 17: 00-де жалпы құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Семинар сабағын өткізудің әдістемесі» тақырыбында шебер – класс өткізілді. Шебер кластың өткізілу мақсаты–оқытушылық құрамның оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстарды қалыптастыру, семинарлар өткізу арқылы кездесетін мәселелерді талқылау қажеттілігі болды. Осы іс-шара барысында кафедрамен шақырылған қонақ Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Құқықтану» факультетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты  Елизавета Иманғалиқызы Исибаева семинар сабағының әдістемесі туралы баяндама жасады.Сондай-ақ, аталған іс-шараға оқу-әдістемелік орталығы бастығының міндетін уақытша атқарушы педагогика ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі А.Ф. Саттарова, әскери және дене шынықтыру дайындығы кафедрасының бастығы полиция полковнигі С.Мусин, сонымен қатар институттың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. 

Іс-шара соңында шебер – класс қатысушылары дәріскерге талқыланған тақырыптың өзектілігі үшін алғысын білдірді және оқу орнымыздың түлектерін оқытудың білім беру талаптарына жауап беретінін қамтамасыз етудің жаңа әдістерін әзірлеуді жалғастыруды ұсынды.

ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі

З.Нұрыш

 
02 SAM_2855 11202264 IMG_7455