Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында 2018 жылғы 15-20 қаңтар аралығында жалпы құқықтық пәндер кафедрасының апталығы өтті.
Апталықтың өткізілу мақсаты курсанттардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет, өз халқына деген махабаттарын көрсету және қызмет ету, Қазақстан Республикасының ұлттық салт дәстүрлерін үйрету, өз елінің тарихын білу болып табылды.
Кафедра апталығы шеңберінде келесідей жұмыстар ұйымдастырылды және атқарылды:
- Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтына атағы берілген Кеңес Одағының батыры М.Бөкенбаевтың өмірбаянымен таныстыру барысында күндізгі оқу факультетінің 1А және 1Б курс курсанттарына М.Бөкенбаев жөнінде дайындалған бейнебаян көрсетіліп, өмірбаяны туралы кітап таныстырылды.
- Өсіп келе жатырған жастарды патриоттық тәрбие беру мақсатында КОФ 1А және 1Б курс курсанттарына Қазақстан Республикасының Ппрезиденті Н.А. Назарбаевтың өмірлік жолы туралы жазылған «Путь Лидера» көркемфильмі көрсетілді.
- Күндізгі оқу факультетінің 1А және 1Б курс курсанттары арасында «Что?Где?Когда?» интелектуалдық ойыны өткізілді. Интелектуалдық ойынның өткізілу мақсаты – болашақ заңгерлермен құқық нормасын зерттеу, кәсіби білімдерін көтеру және оларды күнделікті қызметте қолдана білу.
Ойынға 5 курсанттардан құралған 4 команда қатысты. Ол командалар- «Жаңғыру», «Торнадо», «Ғибрат» және «Айбын». Команда қатысушыларына институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.Ә.Дәулетияров алғы сөзбен шығып, сәт сапар тіледі.
Бағдарлама тәртібіне сәйкес ойын 3 турдан тұрды:
1 тур-командалардың өз эмблемаларын және команда ұранынұсыну.
2 тур- «Блиц-сұрақтар», Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев туралы және Астана, Алматы қалалары туралы сұрақтар Ресей Федерациясы Екатеринбург қаласы Урал заң институтының Конституциялық құқық кафедрасының аға оқытушысы заң ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі В.А. Галицков онлайн-режимде сұрақ қойылып, институттың LED экраннан көрсетілді, сонымен қатар, қатысушы командаларға институттың басшылығы, профессорлық – оқытушылық құрамы видеосұрақтар қойды.
3 тур- «Үй тапсырмасы».
Интелектуалдық ойынның барлық қатысушылары жақсы білімдерін және теориялық дайындықтарын аталған конкурста тәжірибе ретінде көрсете білді.
Ойынға қатысушылар 1,2 және 3-дәрежелі алғысхаттармен және дипломмен марапатталды, сонымен қатар, 1-орын алған «Жаңғыру» командасы «Что?Где?Когда?» интелектуалдық ойынының символы болып табылатын естелік сыйлық үкісімен марапатталды. Екінші орынды «Торнадо» командасы, үшінші орынды «Ғибрат» командасы жеңіп алып, 2 және 3-дәрежелі мақтау қағаздарымен марапатталды. Іс – шара достық жылы қарым- қатынаста, әрі салауатты бәсекелестік жағдайында өтті.
Іс шара өткізу қорытындысы бойынша интелектуалдық ойынға қатысушылар алдағы уақытта осындай ойындар жыл сайын аумақтық, республикалық және халықаралық деңгейде өткізулеріне тілектерін білдірді.
- Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры М.Д.Тулешев апталық аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының КОФ 1Б курс курсанттарымен Кеңес Оодағының батыры А.Молдагулованың мемориалдық музейіне саяхат жүргізді және Кеңес Одағының батыры Алия Молдагулованың қайтыс болғанына 74-жыл толуына байланысты іс-шараға қатысты, іс-шара мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.
- Кафедра апталығы жоспары бойынша күндізгі оқу факультетінінің 1А және 1Б курс курсанттары «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында плакаттар дайындады.
Жалпы құқықтық пәндер кафедрасы одан әрі Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру аясында Қазақстанның өсіп келе жатқан ұрпағы үшін білім беру ұйымдарында осындай бағытта іс-шаралар өткізетін болады.
ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі
З.Нұрыш