2019 жылы 11 қазанда “Керуен city” сауда-ойын-сауық орталығы “Жасыл қала” акциясына қатысты. Акцияның мақсаты қаламызды жасылдандыру, табиғатымызды қорғау болып табылады.Сауда-ойын-сауық орталығы өкілдерінің қолыменҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының жанында 500 ағаш отырғызылды. Отырғызу аяқталғаннан кейін “Керуен city” эстафетаны басқа сауда-ойын-сауық орталықтарына, сондай-ақ, Ақтөбе қаласының супермаркеттері мен мейрамханаларына жолдады.
Қаламызды бірге көркетейік!