Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жас офицерлердің оқу бітіру салтанаты

2018 жылғы 22 маусымда институтта жас офицерлердің оқу бітіруіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараның салтанатты бөлімі Қазақстан Республикасының Гимнін орындаумен басталды. Аталған іс-шараға институт басшылығы, Ардагерлер кеңесінің мүшесі отставкадағы милиция полковнигі С.Р.Рзабеков, Ақтөбе облысы ІІД Ардагерлер кеңесінің мүшесі отставкадағы полиция полковнигі К.Ж.Дүйсенбин және түлектердің ата-аналары қатысты.

Іс-шараның бағдарламасы бойынша құттықтау сөзімен институт бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев, Ардагерлер кеңесінің мүшесі отставкадағы милиция полковнигі С.Р.Рзабеков, Ақтөбе облысы ІІД Ардагерлер кеңесінің мүшесі отставкадағы полиция полковнигі К.Ж.Дүйсенбин құттықтау сөз сөйледі. Дипломдарды салтанатты түрде табыстағаннан кейін, институт түлектері                     А.Т. Габдуллина мен А.Р.Нуржауова құттықтау сөзін сөйледі, ата-аналардың атынан Т.С.Аубакирова алғыс айтты. 

Түлектерді қазақтың салты «Ақжолмен» шығарып салып, ардагер С.Р.Рзабеков жас лейтенанттарға бата берді.

ТЖБ инспекторы

полиция капитан

З.А.Мухангалиева

 
IMG_1885