Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен Ф.Оңғарсынова атындағы №41мектеп-гимназия арасындағы қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес, сондай-ақ институттың ұйымдастыру және практикалық іс-шаралар жоспары аясында жалпы құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының «Жас сақшы» кадет сыныбында оқу сабақтары өткізілді.
Кадет сыныбында өткізілген оқу сабақтары:
– 2019 жылғы 19 қыркүйекте жалпы құқықтық пәндер кафедрасының доценті полиция подполковнигі З.З.Нұрыш «Қазақстанда милицияның даму кезеңдері» тақырыбында;
– 2019 жылғы 26 қыркүйекте жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры М.Д.Тулешев «Қазақстанда милицияның даму кезеңдері» тақырыбында;
– 2019 жылғы 3 қазанда және 10 қазанда жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М.Д.Салауатов «Қазақстан милициясының жауынгерлік шежіресі» және «Қазақстан Республикасы ІІМ қалыптасу тарихы» тақырыбында;
– 2019 жылғы 17 қазанда жалпы құқықтық пәндер кафедрасының бастығы заң ғылымдарының кандитаты, полиция подполковнигі А.К. Ибраева «Қазақстанда полиция қызметінің негіздері» тақырыбында өткізді.
Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамымен «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушыларына оқытылған оқу сабақтарының мақсаты өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриотизмді нығайту, заңдылықты сақтауға баулу.
Жалпы құқықтық пәндер кафедрасы