Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жауынгерлік күрес тәсілдері

          Еліміздің атын спорт саласы әлем аренасына ерен еңбектің арқасында  танытып жатыр. Бұл тұрғыда Елбасымыз да спорт саласы мен спортшыларға үлкен қолдау көрсетуде. Осы орайда ол «Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала» – деп бекер айтпаса керек. Бұл сөз спорт саласындағылар мен оның жанашырларына ұғымды ой қалыптастырары сөзсіз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушылары да Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Қазақстан Республикасының ІІО қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы мазмұны және ұйымдастыру қағидалары туралы бұйрықтары мен нұсқамаларын басты назарда ұстауда.

          2017 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10.30-11.50 аралығында жауынгерлік күрес тәсілдері пәнінен «Әртүрлі күйде қолды арқаға қайыру» атты тақырып бойынша арнайы бастапқы оқыту курсының 2 – оқу тобы тыңдаушыларына ашық тәжірибелік сабақ өткізілген болатын. Осы ашық тәжірибелік сабақты әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Мирлан Сейілханұлы Балдаиров жүргізді. Мирлан Сейілханұлы Балдаиров ішкі істер органдарында 10 жылдан астам қызмет атқарып келеді. Осы уақыт аралығында ол өзінің кәсіби білігі мен білім деңгейін шыңдаған қәсіби маманға айналған болатын. Сонымен қатар, ол-еркін күрестен спорт шеберіне үміткер. Бүгінгі өткізіп отырған ашық сабағы-осының бірден-бір дәлелі. Ашық тәжірибелік сабақта тыңдаушыларға алдағы уақытта ішкі істер органдарындағы қызмет барысында қылмыскерлерді құрықтауда кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарын үйретті.     

            Бар өмірін құқық қорғау саласына арнаған әрбір адам уақытының белгілі бір бөлігін дене дайындығына арнайтыны сөзсіз. Себебі әрбірінің тағдыры өз қолында. Қылмыспен күрес барысында мүлт кеткен әрбір әрекеттің бір себебі дайындықтың аздығынан болуы да мүмкін. Ашық сабақ өткізудегі басты мақсатымыз да осы болатын. Ашық сабаққа қатысқан профессорлық-оқытушылық құрамның пікірінше, сабағымыз өз деңгейінде өтті.

 

 

 

                                                                        Институттың ӘжДШД кафедрасының             

                                                                        оқытушысы

                                                                        полиция аға лейтенанты А.Қ. Қосмұратов

 

                                                                        Институттың ӘжДШД кафедрасының             

                                                                        оқытушысы

                                                                        полиция аға лейтенанты Н.А. Таласбаев

 
03145162