Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Жақсылық үдеткіші» жобасы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылын еріктілер жылы деп жариялау туралы бастамасын қолдап,  ҚР Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті  «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қолдауымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Ақтөбедегі қозғалыстың бастамашысы болды.

2019 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары осы жобаға белсенді қатысты, өйткені, аталмыш жобаны жүзеге асыру жастардың қоғамда әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақтастық, өзара көмек және қайырымдылық сезімдерін дамытуға мүмкіндік береді.

Аталған іс-шарада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры Б.А.Ердембеков, ҚР Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агентігінің  Ақтөбе облысы бойынша департаментін басшысы М.Б.Мұхамбетов, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасарының м.а. полиция майоры  Е.Қ.Балымов, «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Б.Туртаев сөз сөйледі.

Тұсаукесерге жергілікті атқарушы органдардың, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасы

ІІМ М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе  заң институтының ОӘО оқытушы-әдіскері

полиция майоры  Ж.Ж.Аксакова

 
02052017 IMG_8440