Жаңа жыл – балалардың ең сүйікті мерекелерінің бірі. Осы мереке қарсаңында институт қызметкерлерінің балаларына жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында институттың «Әйелдер кеңесі» қоғамдық құрылымы мен тәрбие жұмысы бөлімі 26-27 желтоқсан күндері Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырды.
Мерекелік бағдарлама екі бөлімнен құралды. Бірінші бөлімде драма театр сахнасында «Күлдірген мен Бүлдірген» атты қойылым қойылды. Қойылым кезінде ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлері қатысып, бүлдіршіндерге керемет әсер сыйлады. Шараның екінші бөлімі үшінші қабатта орналасқан залда, шыршаның қасында жалғасты. Сценарий бойынша Аяз Ата мен Ақша қыз келіп, шыршаны жақты. Тамаша көңіл-күйге бөленген балалар шыршаны айналып ән айтып, би билеп, Аяз Атадан сыйлықтар алды.
Іс- шара соңында барлық балалар, ата-аналар естелік фотоға түсті.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева