Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жаңа жыл қарсаңындағы «Ғажайып қонақтар»

2017 жылғы 28 желтоқсанда жергілікті «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакциясы ұжымының ұйымдастыруымен қала мекемелерін аралап, жаңа жылдық құттықтау тілектерін жеткізіп жүрген Аяз ата мен Ақшақар бастаған арнайы қонақтар ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына да ат басын тіреді. Институт қызметкерлері келген қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, ілтипат көрсетті. Институт бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А.Дәулетияров келген қонақтарға құттықтаулары мен ыстық лебіздері үшін институт басшылығы және жеке құрам атынан шексіз ризашылығын білдіріп, жаңа жылдық керемет көңіл күй сыйлаған  «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакциясы ұжымына алғысын айтты.

 
05