2018 жылғы 7 қарашада институттың мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі «Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ мамандарымен бірлесе отырып жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері жобасын түсіндіруге арналған «Жаңа емле: құрылымы, ұстанымы және жаңалықтары» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
Шараның мақсаты – жаңа емлемен таныстыру, жаңа әліпбиді насихаттау. Іс-шараға институттың профессорлық-оқытушылық құрамы мен 1 «А» курс курсанттары қатысты.
Ақпараттық сағатта жаңа әліпбидің ерекшеліктері мен сөздердің дұрыс жазылу ережелері түсіндірілді. Курсанттар жаңа емле ережелерімен танысып, олар бойынша тәжірибелік жұмыстар орындады.
Іс-шара соңында қатысушылар жаңа әліпбиге қатысты пікірлерін білдірді.
Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі