Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жекпе-жек сайысынан облыстық чемпионат

Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының, қоян-қолтық ұрысы және аралас жекпе-жек Федерациясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 12-14 қаңтар күндері аралығында Ақтөбе қаласы Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек сайысынан облыстық чемпионат өткізілді. Аталған облыстық чемпионатқа Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ауыспалы құрамы арасында іріктеу жасақталып, институт бастығы полиция полковнигі С.И. Қаракүшевтің қолдауымен институт құрама командасы қатыстырылды.

Жекпе-жек сайысының мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жекпе-жек сайысын әрі қарай дамыту, спортшылардың спорттық біліктілігін көтеру, кәсіби дайындығын шыңдау және Қазақстан Республикасы Кубогына іріктеу.

          Жарысқа қатысушы спортшылар сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының гимні орындалып, қоян-қолтық ұрысы және аралас жекпе-жек Федерациясы қоғамдық бірлестігінің басшысы Кутлубаев Талғат  Рамазанұлы шақырылған қонақтарды, спортшылар мен жанкүйерлерді жарыстың өте жақсы көңіл күйде өтуін, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, спортта жоғары белестерді бағындыруға серпін беріп, жарысты салтанатты түрде ашты.

           Жарысқа 12 команда қатысып, институттың құрама командасы ішінен төмендегі аталған курсанттар жүлделі орындарға ие болды: атап айтсақ,       70 келі салмақта 2-ші орын алған 1Б курсы 102 оқу тобының курсанты Шыныбай Әбілхайыр, 75 келі салмақта 1-ші орын алған 1А курсы 104 оқу тобының курсанты Агильманова Лилия және 85 келі салмақта 2-ші орын алған 2 курс 204 оқу тобының курсанты Тоқсейтов Арман.

Жарыс әуенмен жақсы көңіл-күйде өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталып, салтанатты түрде аяқталды.

 

ӘжДШД кафедрасының

аға оқытушысы

полиция майоры

А.А.Мергалиев